Әлеумет

Экологияны қорғау балалардан басталады

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен №79 «Шабыт» балабақшасында балаларға арналған ерекше танымдық-ойын форматындағы «Экоквест: алтын қазына іздеу» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында балалар балабақша аумағында жасырылған «алтын қазынаны» табу үшін түрлі экологиялық бағыттағы логикалық тапсырмаларды орындады, жұмбақтарды шешті. Әрбір тапсырма балалардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, байқампаздығын және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталды.

«Экоквестті жай ғана ойын ретінде емес, өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің тиімді тәсілі ретінде қарастырған дұрыс. Себебі кішкентай балаларға табиғатты қорғау, экологияны сақтау туралы тек сөзбен түсіндіру жеткіліксіз. Ал ойын арқылы олар табиғатқа жанашырлықты сезініп, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті іс жүзінде түсіне бастайды. Мәселен бүгін балалр мен бірге балабақша ауласына ағаш отырғыздық. Олар ағашты ұстап, оны өздері отырғызу арқылы табиғатқа жақындай түседі. Әрі шара барысында балаларға экологиялық бағыттағы логикалық сұрақтар қойып, олардың зейіні мен зердесін дамыту арқылы табиғат туралы танымын кеңейттік. Сондықтан Экоквест — балаларға экологиялық білім мен тәрбие берудің заманауи, қызықты әрі нәтижелі жолы» деп атап өтті Балаларға қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығының әдіскері Айнұр Амангелді.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button