«Шалқар» мерейтойына арналды

Елордада «Қазақстан республикалық телерадиокорпорация» АҚ басқарма төрағасы Ернұр Бураханның ұйтқы болуымен «Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған тастаяқтан турнир өтті.
Белгілі жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кезінде Қазақ радиосында еңбек еткен Қойшығара Салғараұлының батасымен ашылған жарысқа қоғам қайраткерлері, аға буын қаламгерлер, өнер иелері қатысты.
Жарыс қорытындысында бас жүлдені Парламент Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы, екінші орынды «Хабар» агенттігінің музыкалық продюсері Талант Арғынғали, ал үшінші орынды Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының әртісі Қуандық Қыстықбаев жеңіп алды. Ал үздік ойыншылар арнайы дипломмен марапатталды.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ



