Ел тынысы

Елордада IX Қазақстан әйелдерінің UMAI форумы өтті

Елордада IX Қазақстан әйелдерінің UMAI форумы өтті. Ауқымды іс-шарағаеліміздің әр өңірінен 1000-нан астам кәсіпкер әйел қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Форум барысында әйелдердің өзін-өзі жүзеге асыруы, шағын бизнесті дамыту, әйелдер кәсіпкерлігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және табысты көбейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қатысушыларға қазіргі қоғамдағы бейімделу мен икемділіктің маңызы түсіндіріліп, табысты кәсіпкер әйелдердің тәжірибесі ұсынылды. Іс-шарада танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы, блогер Бота Абдираманова, акушер-гинеколог Айгүл Ешматова, кәсіпкерлер Гульбану Майгарина, Әйгерім Болатова, Асқар Қанапин, Диас Нұргожин және басқа да спикерлер сөз сөйледі.

Форум аясында «Анамның қолымен жасалған» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге73 кәсіпкер әйел мен қолөнерші қатысып, өз өнімдерін таныстырды.

«Біз кесте – қазақтың қолөнері. Ұмыт болып жатқан қолөнерді қайтадан жаңғыртып, заман талабына сай бейімдеп жатырмыз. Нақтырақ айтқанда, жастар көп киетін джинсы материалмен үйлестіріп, заманауи шапандар тігеміз. Бұл форумға қатысып, жәрмеңкеде қолдан тіккен дүниелерімді көпшілік назарына ұсындым. Соңғы 1 жыл тігін саласындамын. Қолдан әшекей бұйымдар да жасаймын. Форум маған өнімдерімді көпшіліктің алдына ұсынуға мүмкіндік берді», — деді астаналық қолөнерші Жырғау Сентерхан.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button