Әлеумет

Бас қалада жұмыскерлерді қорғау күшейтілуде

Кәсіпорындарды қызметкерлерді міндетті сақтандырумен қамту деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс берушілерге қызметкерлерді міндетті сақтандыру шарттарын жасасу міндеті жүктелген. Бұл норма Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде де бекітілген.

Биылғы 2 сәуірдегі жағдай бойынша сақтандыру шарттарын жасасқан Астана қаласының кәсіпорындарының саны 27 657 құрайды. Салыстыру үшін, ағымдағы жылдың 6 наурызындағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 23 191 ұйымды құрады.

Еңбек заңнамасын сақтау және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жұмыс берушілерден міндетті сақтандыру шартын уақтылы жасасуды сұраймыз. Бұл мүмкін болатын әкімшілік жауапкершіліктен аулақ болып қана қоймайды, сонымен қатар жұмысшыларға қосымша қолдау мен олардың жұмыс орнындағы қауіпсіздігіне сенімділік береді.

Кәсіпорындарды қызметкерлерді міндетті сақтандырумен қамтуды одан әрі арттыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button