Қорғаныс гидротехникалық құрылыстарының жұмысына мониторинг жүргізіледі

Бүгін көктемгі су тасқыны қаупінің алдын алу, сондай-ақ халық пен инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен қорғаныс гидротехникалық құрылыстарының жұмысына мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Мониторингтік іс-шаралар Есіл ауданында орналасқан Астана контрреттегішінен (қорғаныс бөгеті) бастау алады. Іс-шара барысында гидротехникалық құрылыстың техникалық жай-күйіне, су деңгейіне, сондай-ақ нысанға түсетін гидравликалық жүктемелерге бақылау жүргізу жоспарланған.
Аталған іс-шараға «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақмола филиалының, «Есіл бассейндік су инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, сондай-ақ Экологиялық кеңес мүшелері қатысады.
Мониторинг жұмыстары «Есіл» ауданындағы Астана контрреттегішінде (қорғаныс бөгеті) өтеді, Нысан Астана қаласының оңтүстік-батыс бағытында, Есіл (Ишим) өзенінде, қалалық аумақтан төменгі ағыс бөлігінде орналасқан.
Сурет: primeminister.kz



