Ел тынысы

«Жер сағаты»: Астанада қай нысандар акцияға атсалысады?

Дәстүрлі халықаралық экологиялық «Жер сағаты» акциясы биыл 28 наурыз күні өтеді. Осы күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл әлем бойынша ғимараттар мен ескерткіштердің жарығы өшіріліп, электр құрылғылары бір сағатқа сөндіріледі. Астана бұл акцияға бірнеше жылдан бері қатысып келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) бастамасымен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара.

Бұл уақытта әлемнің жүздеген миллион тұрғыны жарық сөндіреді, сол сияқты мыңдаған сәулет нысаны сыртқы жарығын өшіреді.

Акцияның мақсаты – табиғат пен ғаламшар ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.

Биыл Астанадағы «Жер сағаты» «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында өтеді.

Акцияны қолдау мақсатында 28 наурыз күні «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы аумағында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Қала әкімдігі акцияға қатысатын нысандар тізімін жариялады. Олар:
Астана қаласының әкімдігі акцияға қатысатын нысандардың толық тізімін жариялады:
1. Астана қаласының әкімдігі (Бейбітшілік көшесі, 11);
2. Әкімшілік ғимарат (Бейбітшілік көшесі, 9);
3. Мемлекеттік басқару академиясы (Абай көшесі, 33а);
4. Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония (Кенесары көшесі, 32);
5. Сарыарқа ауданының әкімдігі;
6. «Арман» тұрғын үй кешені (Жеңіс даңғылы, 1);
7. «Radisson Hotel Astana» (Сарыарқа даңғылы, 4);
8. «Riverside Apartments» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 8);
9. «Park Inn by Radisson» қонақ үйі (Сарыарқа даңғылы, 8а);
10. «Симфония» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 1);
11. «Сана» тұрғын үй кешені (Шевченко көшесі, 8/1);
12. «Болашақ» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 3);
13. «Эдель» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 5);
14. «Эдель-1» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 5/1);
15. «Кенесары» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 11);
16. «Capital» бизнес орталығы (Сарыарқа даңғылы, 12);
17. Тұрғын үй (Сарыарқа даңғылы, 14);
18. №15 мектеп-лицей (Сарыарқа даңғылы, 20);
19. «Асату» мейрамханасы (Сарыарқа даңғылы, 22);
20. «Іскер» бизнес орталығы (Абай көшесі, 13);
21. «Бурлин» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 15);
22. Тұрғын үй (Сарыарқа даңғылы, 17);
23. Тұрғын үй (Сарыарқа даңғылы, 19);
24. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Сарыарқа даңғылы, 38);
25. Жатақхана (Сарыарқа даңғылы, 42);
26. «Свечки» тұрғын үй кешені (Бөгенбай батыр көшесі, 30, 32);
27. Сейфуллин көшесіндегі 10 нысан;
28. Қосшығұлұлы көшесіндегі 10 нысан;
29. Есіл өзенінің жағалауындағы 27 нысан;
30. Мәңгілік ел даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің сәндік жарығын өшіру;
31. «Бәйтерек» монументі;
32. «Астана Арена» стадионы (Тұран даңғылы, 48);
33. «Алау» мұз сарайы (Қабанбай батыр даңғылы, 48);
34. «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайы (Тұран даңғылы, 57);
35. «ҚазМұнайГаз» АҚ (Қабанбай батыр даңғылы, 36);
36. Тәуелсіздік даңғылы, 48;
37. Тәуелсіздік даңғылы, 50;
38. Тәуелсіздік даңғылы, 52;
39. Тәуелсіздік даңғылы, 54;
40. «Қазақ елі» алаңы;
41. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі;
42. «Әзірет Сұлтан» мешіті;
43. Тәуелсіздік сарайы;
44. Бейбітшілік және келісім сарайы;
45. Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті;
46. Достық үйі;
47. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы;
48. «Толқын» спорт кешені;
49. Теміржолшылар тұрғын алабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
50. Кенесары көшесі бойындағы үйлер (42, 44, 46, 51, 52, 65, 69).

Айта кетейік, бұл акция тек жарықты өшірумен шектелмейді – ол экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және әр адамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button