Ел тынысы

Елордалық дзюдошы Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды

Елордалық дзюдошы Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы өтті.

Халықаралық додаға 21 елден 600-ге жуық спортшы қатысып, екі күн бойы татамиде жүлделі орындар үшін өзара мықтыны анықтады.

Аталған жарыста Астана қаласының спортшысы Қонысбек Шыңғыс (-90 кг) жоғары нәтиже көрсетіп, қола жүлдегер атанды.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button