БілімМәдениет

Жыр алыбының мұрасы

Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 көпшілік кітап­ханада жыр алыбы – Жамбылдың 180 жылдығына арналған «Жамбыл Жабаевтың ­поэтика мұрасы» атты әдеби кеш өтті, «Жамбыл – ғасыр үні» атты кітап көрмесі қойылды.

Тағылымды іс-шараның мақсаты – жыр алыбының бай әдеби мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Арнайы шақырылған қонақтар: ұлағатты ұстаз, білім беру ісінің үздігі Оспан Сүлейменұлы және белсенді оқырман, ардақты әже Бақтыгүл Қабдешқызы жиналған қауымға Жамбыл Жабаев­тың өмірі мен шығармашылығы жайлы мазмұнды әңгіме өрбітіп, ақын мұрасының маңызына тоқталды, сондай-ақ жастарға өнегелі ақыл-кеңесін айтып, ізгі тілегін білдірді. Әдеби кешке Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия оқушылары мектеп кітапханасының меңгерушісімен бірге белсене қатысты. Оқушылар Жамбылдың жалынды жырларын жатқа мәнерлеп оқып, домбырамен күй күмбірлетіп, халық әндерін орындады, сөйтіп ұлттық өнер мен поэзия үндесіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Тағылымы мол іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс білдіріп, Жамбыл жырларының мәңгілік екенін атап өтті.

«Осындай рухани кештер жас ұр­пақты елін, жерін сүюге, ұлттық әдебиетті құрметтеуге тәрбиелейді» дейді ұйымдастырушылар.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button