
Астанадағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында «AMANAT» партиясы өкілдерінің қатысуымен жаңа Конституциялық жобаны түсіндіру жиыны өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесуге партия мүшесі, Астана қаласы әкімдігінің Қалалық психикалық денсаулық орталығының директоры Қуаныш Алтынбеков қатысып, аурухана қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.
Жиын барысында Жаңа Конституция жобасында қарастырылған денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің құқығы мен міндеттері туралы талқыланып, медициналық қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету – денсаулық сақтау саласының басты басымдықтарының бірі екені атап өтілді.



