Ел тынысыСаясат

Энергетика және газдандыру саласы мамандары жаңа конституциялық реформаға қолдау білдірді

«QazaqGaz» ҰК АҚ қызметкерлерімен Жаңа Конституция нормаларын түсіндіру және алдағы референдум аясында кездесу өтті. Ашық форматта еңбек ұжымына жобаның негізгі баптары мен алдағы конституциялық өзгерістердің басты бағыттары таныстырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Диалог барысында заңдылық, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын нығайту және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Реформалардың өнеркәсіп секторын дамытудағы және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін арттырудағы маңызы атап өтілді.

Кездесу барысында Астана қалалық мәслихаты депутаттарыы Азамат Орынбасаров және Арсланбек Мағзұм сөз сөйледі.

Азамат Орынбасаров өз сөзінде: «Жаңа Конституциялық реформа азаматтарға өз құқықтарын белсенді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл әрбір маманның қоғамдағы рөлін күшейтіп, елдің дамуына нақты үлес қосуға жол ашады» деді.

Арсланбек Мағзұм «Референдум — халықтың тікелей қатысу құралы. QazaqGaz ұжымымен кездесу реформалардың күнделікті өмірдегі әсерін түсіндірудің тиімді тәсілі болды».

Кездесу конструктивті атмосферада өтті, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті және қызықтырған сұрақтарын қойды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button