Елорда тынысы

Ғылыми жобалар байқауы өтті

Елордада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қалалық Білім басқармасы және «Астана дарыны» орталығымен бірлесіп жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Дарынды оқушылар бас қосқан байқау ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және Қазақстанның зияткерлік әлеуетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Оның аясында еліміздің барлық өңірінен келген 623 оқушы 463 жобаны қорғады. Аталмыш дода алты секцияны қамтыды. Олардың қатарында физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым, математика, қолданбалы математика, информатика, экономика, биология, химия және қоршаға ортаны қорғау мен адам денсаулығы секілді бағыттар бар.

Байқау халықаралық тәжірибеге сәйкес ашық көрме форматында өтіп, жас зерттеушілер өз жұмыстарын сарапшылар комиссиясына таныстырып отырды.

Үздік делінген жобаларды анықтау үшін қазылар алқасы жұмысына еліміздің беделді жоғары оқу орындарының 60-қа жуық профессор ғалымдары шақырылды. Қорытынды кезең нәтижесі бойынша жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталып, оларға медальдар табысталады.

 

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button