ӘлеуметЕл тынысы

Конституция жобасын түсіндіруге арналған кеңес өтті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жаңа Конституциясының жобасын түсіндіруге арналған кеңес өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оған министр Асқарбек Ертаев бейнеконференция режимінде төрағалық етті.

Шараға Халықты әлеуметтік қорғауды реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты, сондай-ақ «Береке Астана» мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Негізгі заң жобасының мемлекеттің әлеуметтік саясатына қатысты негізгі ережелері талқыланды. Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері, әділдік пен теңдік қағидаттары, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері бекітілгені атап өтілді.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған өзгерістерді қолдап, олардың халықты әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button