
Бүгін Астанада «Beles Holding» құрылыс компаниясының өкілдерімен, спортшылармен, жаттықтырушылармен және құрылыс саласының қызметкерлерімен Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық штабының ұйымдастыруымен өтті.
Жиынға Мәжіліс депутаты Павел Казанцев, мәслихат депутаты Ғабит Тәжімұратов, «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қаласы Есіл аудандық штабының төрағасы Санира Жүсіпова және блогер Әсем Нұрсейітова қатысты.



