Денсаулық

Елордада жаңа балалар травматологиялық пункті алғашқы пациентін қабылдады

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жаңа балалар травматологиялық пункті алғашқы пациентін қабылдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қалалық деңгейде балалар жарақаттарының саны тұрақты түрде артып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша алдыңғы жылмен салыстырғанда өтініштер саны 15,8%-ға өсіп, 97 333-тен 112 775 жағдайға дейін жетті. Халық санының өсуі жағдайында қолданыстағы травматологиялық пункттер жоғары жүктемемен жұмыс істеуде дәрігерлер күн сайын 350-ден астам кішкентай пациентті қабылдайды.

Жаңа балалар травматологиялық пунктінің ашылуы:  қолданыстағы травматологиялық пункттерге түсетін жүктемені азайтуға, қаланың сол жағалауындағы тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, балаларға жедел, сапалы әрі тиімді шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік береді.⚠

Қазіргі уақытта барлық ұйымдастырушылық және кадрлық дайындық жұмыстары толық аяқталды. Пункт заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген және көлік қатынасы ыңғайлы. Жаңа бөлімшенің ашылуы – елордадағы балалар денсаулығын қорғау жүйесін нығайтудағы маңызды қадам.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button