Құқық

Жастарға есірткінің зияны егжей-тегжейлі түсіндірілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Астана – есірткісіз қала!» атты профилактикалық акция өтті. Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, оның басты мақсаты – жастар арасында есірткі тұтынудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және студенттердің болашаққа саналы көзқарасын қалыптастыру болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Акция дәстүрлі дәріс форматында емес, студенттермен ашық әрі еркін диалог түрінде жалғасты. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей мамандар мен спикерлерге қойып, нақты әрі ашық жауап алды. Кездесу барысында өмірлік құндылықтар, жеке жауапкершілік және дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығы туралы айтылды.

Іс-шараны Астана қаласы Полиция департаменті ұйымдастырып, оған мәдениет пен киноиндустрия өкілдері, медиа саласының мамандары және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты. Танымал спикерлер жастармен жеке тәжірибелерімен бөлісіп, зиянды әдеттерсіз де табысты әрі мазмұнды өмір сүруге болатынын нақты мысалдар арқылы жеткізді.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында арнайы бөлімшелер мен кинологиялық қызметтің көрсетілімдері ұсынылып, есірткі қылмысына қарсы күрестің практикалық бағыттары таныстырылды.

— Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың өмірлік құндылықтарға саналы көзқарасын қалыптастыруға, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен жастар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етуде. Жалпы Есірткі қылмысы мен оған тәуелділік – қоғам үшін аса қауіпті құбылыс. Сол себепті біз жастармен, оқушылармен жиі кездесіп, алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Мұндай шаралар жастардың қылмысқа бару қаупін төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар, жастар бізге тікелей сұрақтарын қойып, ашық форматта жауап ала алады», –дейді Астана қаласы Полиция департаменті Кинология қызметі орталығы бастығының орынбасары Дастан Қойшығарин.

Шапағат Әбдір

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button