Ел тынысыСаясат

Қоғам дамуы үшін маңызды әрі өзекті шешім

Ата заңда спорттың әлеуметтік қорғау жүйесіне интеграциялануы – қоғам дамуы үшін маңызды әрі өзекті шешім.

Бұл норма қоғамдық денсаулықты нығайтуға және белсенді өмір салтын қалыптастыруды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналдыруға мүмкіндік береді. Спорттың әлеуметтік салаға енгізілуі азаматтарға тең қолжетімділік пен нақты әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге жол ашады.

Әсіресе бұқаралық спорт инфрақұрылымын дамыту халықтың барлық санаты үшін спортпен айналысуға қолайлы жағдай қалыптастырады. Бұл өз кезегінде балалар мен жастардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, спорт ардагерлерінің де қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Бекзат Сағатұлы,
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button