Ел тынысыСаясат

Ұлттық құндылықтар және адам құқықтарының үстемдігі

Жаңа Конституция жобасында адамның құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары құндылық ретінде танылуы – еліміз үшін аса маңызды әрі тарихи қадам. Бұл мемлекеттің басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын қорғау және әр азаматтың қадір-қасиетін құрметтеу екенін айқын көрсетеді. Адам құқықтарын қорғау – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық құндылықтарымен сабақтас ұғым.

Адам құқықтарының туғаннан бастап берілетіні әрбір азаматтың теңдігі мен ар-намысының қорғалуын білдіреді. Бұл ешкімнің ұлтына, жынысына немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан, заң алдында бірдей екенін көрсетеді. Мұндай қағидаттар қоғамдағы бірлік пен өзара сыйластықты нығайтып, ұлттық тұтастықтың берік негізін қалыптастырады.

Сонымен қатар Конституцияда құқықтармен қатар жауапкершіліктің де айқындалуы ұлттық тәрбиенің өзегін құрайтын ұстанымдармен үндес. Әр адам өз бостандығын жүзеге асыру барысында өзгелердің құқығына зиян келтірмеуі тиіс. Бұл қоғамда бейбітшілік пен қоғамдық тәртіптің сақталуына мүмкіндік береді.

Ерекше атап өтерлігі – сот арқылы қорғану және заң көмегін алу құқығының конституциялық деңгейде бекітілуі. Бұл әділеттілік қағидатын нығайтып, әр азаматтың өз құқығы мен мүддесін заңды түрде қорғауына жол ашады. Әділетті қоғам құру – ұлттық құндылықтарды сақтаудың және дамытудың басты кепілі.

Аманжол Хасенов,
Астана қаласы әкімдігінің «Арғымақ» ат спорты-сауықтыру кешені» МКҚК басшысы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button