Ел тынысыСаясат

Жоғары Сот Кеңесінде Конституцияның жаңа жобасы талқыланды

Жоғары Сот Кеңесінде Конституцияның жаңа жобасы талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Талқылауға Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, оның аппарат қызметкерлері, сондай-ақ Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының өкілдері қатысты.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов конституциялық ережелерді ауқымды әрі жан-жақты қайта қарау елдің Негізгі заңының тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа редакциясын әзірлеу қажеттігін туындатқанын атап өтті.

«Конституциялық реформаның негізгі бағыты мемлекеттің азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлануын күшейтуге, қоғамның өзекті құндылықтарын бекітуге және саяси институттарды жаңғыртуға бағытталған. Маңызды идеологиялық басымдық адами капиталды дамытуға берілді — ғылым, білім беру және инновациялар жаңартылған Конституцияда негізгі орын алады», — деп атап өтті Д. Малахов.

Кеңес отырысында сондай-ақ Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры, заң ғылымдарының докторы, Конституциялық комиссияның мүшесі Лейла Жақаева баяндама жасады. Ол өз сөзінде Конституцияның жаңа редакциясының жобасында көзделген негізгі өзгерістерді, сондай-ақ олардың құқықтық жүйені одан әрі дамыту мен Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын нығайтудағы маңызын түсіндірді.

Ұсынылған конституциялық өзгерістер жобасын қолдай отырып, Жоғары Сот Кеңесі әділ әрі тәуелсіз сот төрелігін одан әрі нығайтуға, заң алдында баршаға теңдікті қамтамасыз етуге, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағдарланған орнықты құқықтық жүйені қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған бағытқа адалдығын білдіреді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button