Елорда тынысы

Астанада 20 студенттік жатақхана салынды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында студенттерге арналған жатақхана туралы жазды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Соңғы жылдары елордада жауапты министрлікпен, университеттермен және инвесторлармен бірлесе отырып, 20 студенттік жатақхана салып, пайдалануға бердік. Нәтижесінде 7 мың орын ашылды. Мәселен, 2023 жылы 8 жатақхана, 2024 жылы 6 жатақхана, 2025 жылы да 6 жатақхана пайдалануға берілген.

Сол сияқты колледж студенттеріне арнап салынған жатақхананың (Бейбітшілік көшесі, 59) құрылыс барысымен таныстым. Бұл жатақхана шамамен 1 мың орынға арналған. Оны осы жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға береміз.
Қабылданған шаралар өзге қалалардан және шетелден келген студенттердің тұрмысын жайлы етеді.

Сонымен қатар, елордада өзге де әлеуметтік нысандар салып жатырмыз: мектептер, балабақшалар, оқушылар сарайы, спорт нысандары және т.б», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button