Сот жүйесінің дамуы мен реформасы тарихында маңызды кезеңге айналды

2025 жыл Қазақстан сот жүйесінің дамуы мен реформасы тарихында маңызды кезеңге айналды. Осы жылы елімізде кассациялық іс жүргізудің жүйелі реформасы жүзеге асырылып, сот төрелігінің қолжетімділігін арттыру, құқық үстемдігін қамтамасыз ету және сот тәжірибесінің бірізділігін нығайту бағытында ауқымды қадам жасалды.
Реформаның басты жаңалығы ‑ дербес кассациялық соттардың құрылуы, бұл қадам кассациялық сатыны толыққанды, тәуелсіз институтқа айналдырып, сот актілерін қайта қарау тәртібін түбегейлі өзгертті. Аталған жаңашылдықтар Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы», Қылмыстық-процестік кодекс, Азаматтық процестік кодекс және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс бойынша енгізілген түзетулерге негізделген.
Реформаның алғышарттары. 2025 жылға дейін кассациялық іс жүргізу Жоғарғы Сот арқылы жүзеге асырылып келген. Алайда бұл жүйеде кассация: алдын ала іріктеуден өтіп, әр өтініш қарауға қабылдана бермейтін, көп жағдайда тек ерекше маңызды істерді қарауға бағытталған, жоғарғы Сотқа ауыр жүктеме түсіретін, апелляциялық және кассациялық практика арасында құқықтық бірізділікті қамтамасыз етуде шектеулер тудыратын.
Сондықтан кассациялық институтты реформалау қажеттілігі туындап, сот төрелігінің қолжетімділігін арттыруға және құқық қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған стратегиялық шешімдер қабылданды.
Дербес кассациялық соттардың құрылуы. 2025 жылдан бастап Қазақстанда үш дербес кассациялық сот қызмет етеді: қылмыстық істер бойынша кассациялық сот, азаматтық істер бойынша кассациялық сот, әкімшілік істер бойынша кассациялық сот.
Барлығы Астана қаласында орналасып, Жоғарғы Сот құрамына кірмейтін дербес орган ретінде жұмыс істейді. Бұл өзгеріс кассацияны толыққанды сот сатысы ретінде қалыптастырды- қайта қарау функциясы мен сот практикасын қалыптастыру функцияларын ажыратып, жүйенің тиімділігін арттырды, Жоғарғы Сотқа түсетін жүктемені азайтты, оның стратегиялық рөлін күшейтті.
Реформа нәтижесінде Жоғарғы Сот күнделікті кассациялық істерді қараудан босатылып, методологиялық және үйлестіруші орган ретінде қызмет атқарады, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз етеді, құқықтық түсіндірмелер береді және прецеденттік шешімдер қабылдайды, маңызды құқықтық мәселелер бойынша позиция қалыптастырады.
Бұл модель халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және сот тәжірибесін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Кассациялық іс жүргізудің процессуалдық ерекшеліктерінің бірі «Үздіксіз кассация» қағидаты. Ол кассациялық шағымдар алдын ала бір судья тарапынан іріктелмейді, әр өтініш түзетілген үш судьядан тұратын коллегияда қаралады. Бұл қағидат процессуалдық кепілдіктерді күшейтіп, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Кассациялық тексерудің объектісі материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылуын, процессуалдық құқық нормаларының сақталуын, істерді шешуге әсер еткен маңызды бұзушылықтарды тексереді.
Алайда кассация фактілерді қайта тексерумен айналыспайды, тек сот актілерінің заңдылығын бақылайды.
Кассацияның ерекшеліктері бойынша істер түрлері
Қылмыстық істер: кассация негізінен құқық қорғау, әділ сот төрелігі, қорғау құқығын сақтау мәселелеріне бағытталған, сот актілерін: бұзуға, өзгертуге, жаңа қарауға жіберуге немесе қылмыстық істі тоқтатуға құқығы бар. Ерекше назар дәлелдемелердің заңдылығы және процессуалдық нормалардың сақталуына аударылады.
Азаматтық істер қателіктерді түзету, азаматтық құқықтық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, нормаларды біркелкі қолдану негізгі мақсат болып табылады, кассациялық шағымдар талапқа сай болу критерийлеріне сәйкес қабылданады.
Әкімшілік істер қасақана немесе заңсыз әрекетке қарсы азаматтардың құқықтарын қорғау маңызды, негізгі назар құқықтық пропорционалдылық, заңдылық және мемлекеттік орган әрекеттерінің заңдылығы мәселелерінде шоғырланады.
Кассациялық сот реформасының маңызы: судьялар мен заңгерлер үшін процедураның айқын әрі алдын ала болжамды болуына мүмкіндік береді, сот шешімдерінің бірізділігін арттырады, сот актілерін қайта қарау процедурасын жылдам әрі тиімді етеді, азаматтардың сот төрелігіне сенімін күшейтеді.
2025 жылғы реформа Қазақстан сот жүйесінде кассация институтын толыққанды және дербес органға айналдыруға, процессуалдық кепілдіктерді күшейтуге және Жоғарғы Соттың методологиялық рөлін анықтауға мүмкіндік берді.
Жаңа кассациялық соттар: азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша құқық қорғауды қамтамасыз етеді, сот тәжірибесінің бірізділігін нығайтады, Қазақстандағы сот төрелігінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады.
Осы реформалар құқық үстемдігі принциптері мен әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық қадам болып табылады және құқық қорғау жүйесін жаңа деңгейге көтерді.
А.Исаева,
Астана қаласының
мамандандырылған ауданаралық тергеу
сотының судьясы



