Ел тынысы

Жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынып тасталды деген жалған ақпарат тараған. Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейтінін және фактілер бұрмаланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аталған хабарламада:

«Жер мен табиғи ресурстарға қатысты нормалар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ және Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының талаптарына толықтай сәйкес келеді. Аталған ақпаратты тарату фактілері құқықтық тұрғыдан бағаланды. Алматы қаласының аудандық әкімшілік сотының қаулысымен А. есімді азамат жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Алматы қаласы Полиция Департаменті азаматтар мен медиа қауымдастық өкілдерін тек ресми және тексерілген ақпарат көздерін пайдалануға шақырады, сондай-ақ жалған ақпаратты жария кеңістікте таратудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады» делінген.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button