Аламан құрақ көрпесі үшін әлемдік рекорд сертификаты беріледі

Аламан құрақ көрпешелерін жасаушылар әлемдегі ең үлкен құрақ көрпе, яғни лоскутты композиция жасап, халықаралық деңгейде рекорд орнатты және Global Book of Records (GBR) әлемдік рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді. Осыған орай биыл 28 қаңтарда Астанада ұлттық қолөнер саласындағы маңызды халықаралық мәдени іс-шара өтеді. Аламан құрақ көрпешелерін жасаушыларға әлемдік рекорд сертификаты мен медаль табысталады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аталған жетістік қазақ халқының дәстүрлі құрақ өнерін әлемге танытып, ұлттық мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттауға зор үлес қосты.
Осыған байланысты өтетін әлемдік рекорд сертификаты мен медальды салтанатты түрде табыстау рәсіміне 70 адамға жуық адам қатысады деп жоспарлануда. Қатысушылар қатарында қолөнер шеберлері, мәдениет саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері бар.
Байланыс үшін:
Жеңісхан Долдабекқызы
Тел.: +7 771 254 7691



