Елорда тынысы

Астанада сенбі күні жаппай шаңғы жарыстары өтеді

Астанада 24 қаңтар күні жаппай шаңғы жарыстары ұйымдастырылады. Іс-шара Орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында сағат 10:00-де басталады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Спорттық мереке аясында армрестлинг, гір тасын көтеру, арқан тарту және белдесу күресі бойынша жарыстар өтеді.

Негізгі бәсеке – шаңғы жарысы. Ол қыздар, ұлдар, ерлер мен әйелдер арасында 16 жас санаты бойынша ұйымдастырылады.

Қашықтықтар 500 метр, 1 және 2,5 шақырымды құрайды. Тіркеу сағат 10:00-де басталып, жалпы старт 11:00-де беріледі. Барлық жарыс түріне қатысу тегін.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button