ЖИ саласында кадрлар даярлау үшін 12 шетелдік ЖОО тартылды

Цифрлық мемлекетке көшу жағдайында цифрландыру және ЖИ-ді енгізу үшін жоғары білікті кадрлар қажет. Осы мәселені шешу үшін экономиканың трансформациясы кадрларды жедел даярлауды талап ететін салаларға әлемнің жетекші университеттері тартылып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жалпы, жасанды интеллект саласында кадрлар даярлауға 12 шетелдік жоғары оқу орны қатысады. ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованың айтуынша, Сеул техникалық университетімен бірлесіп Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті базасында ЖИ және информатика жоғары мектебі ашылды. Сондай-ақ Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында City University of Hong Kong филиалы жасанды интеллект бойынша қос дипломды бағдарламалар іске қосылды. Бұдан басқа да бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр.



