Ел тынысы

Ұлттық құрылтай отырысының қорытындысы талқыланды

Елордадағы Достық үйінде Ұлттық құрылтай отырысының қорытындысы талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық құрылтайда көтерген негізгі бастамаларын талқылауға арналған мазмұнды кездесуге Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов және қалалық ҚХА өкілдері қатысты.

Жиын барысында қатысушылар Мемлекет басшысының құрылтайда көтерген бастамаларына кеңінен тоқталып, бұл шешімдердің елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтынын атап өтті. Жиналған қауым айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруда белсенділік танытып, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті одан әрі нығайтуға өз үлестерін қосуға әркез дайын екенін жеткізді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button