Ел тынысы

Елімізде Халық Кеңесі институты құрылады

Қазақстанда Халық кеңесі құрылады. Мұндай ұсынысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Айтуынша, Халық кеңесіне барлық этнос пен халық топтары мен өңірлерден өкілдер мүше болады.

Қазақстанның Халық кеңесі елдің ең жоғары консультативтік органы мәртебесіне ие болады.

Кеңестің құрамына 126 адам кіреді деп ұсынылып отыр: оның 42-сі этномәдени бірлестіктерден, 42-сі ірі қоғамдық бірлестіктерден және 42-сі мәслихаттар мен аймақтық қоғамдық кеңестерден болады.

Халық кеңесі төрағасының ротациялық негізде тағайындалатын екі орынбасары, сондай-ақ хатшылық меңгерушісі болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button