Ел тынысы

«Steppe Rider» ойынымен қазақ тілін үйрен

Steppe Rider – раннер мен викторина элементтеріүйлесімі арқылы қазақ тілін ойын элементтері арқылы үйренуге арналған жоба. Ойыншы қар барысымен бірге саяхат жасап, тапсырмаларды орындайды, әріптер мен сөздерді жинайды, жаңа тақырыптар мен деңгейлерді ашады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ойынның ерекшеліктері:

🏃 Сөз құрастыру тапсырмалары бар динамикалық раннер.

🧠 Аударма және тыңдалымға арналған викториналар.

🏅 Қиындық деңгейлері: жеңіл, орташа және күрделі.

🐆 Барсик – сіздің көмекшіңіз әрі ынталандырушыңыз.

🏆 Жетістіктер жүйесі, рейтингтер және ойын ішіндегі валюта – асықтар.

Тақырыптық модульдер: отбасы, табиғат, жануарлар, тағам және тағы басқа.

Steppe Rider балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арналған.

Жарқын визуалды стиль мен ұлттық нақыштар оқуды жеңіл әрі қызықты етеді, ал ойын процесі тіл үйренуді нағыз шытырман жарысқа айналдырады.

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.Crocos.SteppRider

https://apps.apple.com/kz/app/steppe-rider/id6755038241

https://store.steampowered.com/app/4065480/Steppe_Rider/?l=russian

Ойын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button