Ел тынысы

JOLTAP жобасы астаналық кәсіпкердің бизнесін дамытуға көмектесті

Елордадағы JOLTAP жобасы астаналықтарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге, табысын арттыруға және өз ісін бастауға көмектесіп келеді. Жоба қатысушысы Наурызбек Утин оқудың оның кәсіби өрлеуі мен бизнесіне қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Наурызбек JOLTAP жобасы туралы жұбайынан білген, ал ол TikTok желісінен жарнама арқылы көрген. Оқу мүмкіндіктері қызықтырған соң, бірге барып, толық ақпарат алуды ұйғарған.

«Біз барғанымызда бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді, содан кейін мен бірден екі курсқа – жиһаз құрастыру негіздері мен газ-электр дәнекерлеу курсына жазылдым», – дейді ол.

Наурызбек оқудың барынша түсінікті әрі жүйелі өткенін атап өтті.

«Маған бәрінің кезең-кезеңімен, стандарт бойынша өтетіні ұнады. Түсіндіруі де жеңіл әрі қадамдап үйретеді, бұл білімді іс жүзінде қолданғың келгенде өте маңызды», – дейді ол.

Наурызбек бірнеше жылдан бері алюминий терезе, витраж, есіктер және қалқа жасаумен айналысып келеді. Оқу барысында ол өз дағдыларын жүйелеп, жаңа қабілеттерді меңгерген.

Техникалық дағдылардан бөлек, қала тұрғыны заманауи технологиялар мен бизнесті дамытуға қатысты бағыттарды көптен күткен.

«Клиенттер санын арттыру және білімімді жетілдіру үшін жасанды интеллект пен сатылым бойынша оқуды қатты қаладым. Қазір сатылым курсын оқып жатырмын және алған білімімді өз бизнесімде қолданып та жүрмін», – деп бөлісті Наурызбек.
Бүгінде ол JOLTAP-та алған білімнің нақты нәтиже бергенін сеніммен айтады.

Сондай-ақ ол дамуға және алға ұмтылуға мүмкіндік бергені үшін жоба ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button