Былтыр прокурорлар мемлекет мүддесін 1,1 трлн теңгеден астам сомаға қамтамасыз етті

Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды экономикалық реформалар жағдайында 2025 жылы прокурорлар мемлекет мүдделерін 1,1 трлн теңгеден астам сомаға қамтамасыз етті.
Мемлекет пайдасына мемлекеттік қаражатты жұмсау, мемлекеттік сатып алу, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын пайдалану, жерлерді ұтымды пайдалану және басқа да салаларда 470 млрд теңге көлемінде ақша қаражаты мен мүлік тәркіленді.
Бас прокуратура қаржы және әділет министрліктерімен бірлесіп мемлекеттік мүлікті басқарудың заңдылығына жүргізілген бір ғана тексерудің нәтижесінде 3 жылдан астам уақыт бойы шоттарда бұғатталып тұрған және бюджетке төленбеген 193 млрд дивидендтерді төлеу бойынша шаралар қабылданды.
Мемлекет меншігіне Алатаудың тау етегінде, Каспий теңізінің жағалауында, Бурабай ұлттық паркінде орналасқан олигополиялардың жері, сондай-ақ жылдар бойы мақсатты түрде пайдаланылмаған қоғамдық жайылымдар мен өзге де алқаптар – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің барлығы 800 мың гектар қайтарылды.
Нәтижесінде бірқатар өңірлерде жайылым тапшылығы мәселесі іс жүзінде шешілді – прокурорлар ауылдық аумақтардың барлық тұрғындарына оларды пайдалану мүмкіндігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етті.
Президент бекіткен ішкі саясат қағидаттары мен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында табиғат пайдаланушылармен келтірілген 25 млрд көлеміндегі экологиялық залал өтелді.
Цифрлық технологияларды, ғарыштық мониторингті және жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, прокурорлар экологтармен бірлесіп 3,8 мыңнан астам заңсыз қоқыс орындарын жойды.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша құрылыс салушылармен 300 мыңнан астам жаңа жасыл желектер отырғызылды.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру туралы Президенттің Жарлығын орындау шеңберінде прокурорлар жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын оңтайландырып, 255 млрд теңге көлеміндегі қажетсіз мемлекеттік шығындардың жолын кесті.
Бұл – тұтас бір өңірдің жылдық бюджетімен салыстыруға болады.
Павлодар мен Атырауда жергілікті органдар арнайы техника мен пәтерлерді нарықтық бағасынан үш есе қымбат бағамен сатып алуды жоспарлаған.
Прокурорлар бұл сатып алуларды тоқтатып, қаражат өзге әлеуметтік қажеттіліктерге және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталды.
Прокурорлардың өтінішхаттары мен наразылықтары бойынша 300-ден астам азаматтық және әкімшілік іс бойынша шешімдер қайта қаралды, оның ішінде мемлекет пайдасына 22 млрд теңге өндірілді.
Мысалы, менің наразылығым бойынша мемлекеттен екі жеке компанияның кредиттік берешегі үшін 1,2 млрд теңге өндіріп алу жойылды.
Керісінше, менің наразылығым бойынша орындалмаған қару-жарақты жөндеу жұмыстары үшін мемлекеттік қорғаныс тапсырысының пайдасына 800 млн теңге өндірілді.
Қоғам мен мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау саласындағы прокурорлық қадағалаудың тиімділігі, соның ішінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін жұмысқа енгізу есебінен артып келеді.



