Ел тынысы

Қазақстанда 50 мың адам Жаңа жылды пойызда қарсы алады

Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында жол үстінде Жаңа жылды шамамен 50 мың жолаушы қарсы алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мерекелік күндері еліміз бойынша теміржол қатынасы штаттық режимде ұйымдастырылып, пойыздардың тұрақты әрі үздіксіз қозғалысы толық қамтамасыз етіледі. Жаңа жыл кезеңінде дәстүрлі түрде Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Шымкент, Алматы – Семей, Павлодар – Түркістан бағыттарына сұраныс жоғары.

Мереке күндері теміржол саласының мыңдаған қызметкері тәулік бойы үздіксіз қызмет атқарады. Жаңа жыл түні еліміздегі вокзалдарда 40 билет кассасы жұмыс істеп, желіге 81 пойыз бригадасы шығады. Олардың құрамында 77 пойыз бастығы мен 1 608 жолаушылар вагонының жолсерігі бар.

Көптеген жолсеріктер үшін Жаңа жылды сапар барысында қарсы алу қалыптасқан кәсіби дәстүрге айналған. Олар жақындарына хабарласып, мерекелік лебізін білдіреді. Теміржол көлігі қызметкерлері әрбір жолаушының белгіленген бағытына қауіпсіз әрі жайлы жетуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Айта кетейік, кезекшілікке шыққан жолсеріктер 15 күнге дейін қызмет атқарады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button