Мәдениет

Ұлттық театрда «Анна Каренина. Роман парақтары» спектаклінің премьерасы өтеді

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры 28-29 желтоқсан күндері көрермен назарына «Анна Каренина. Роман парақтары» спектаклінің премьерасын ұсынады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Спектакль әлем әдебиетінің жауһары Л.Толстойдың «Анна Каренина» романының негізінде сахналанған. Сахналық нұсқасының авторы әрі қоюшы режиссері – Рача Махатаев. Қазақ тіліне аударған – Қымбат Елубаева.

Қойылымда автордың адам болмысы, моральдық таңдау, қоғам мен жеке тұлға арасындағы қайшылықтар туралы терең философиялық ойлары заманауи сахналық тілде ұсынылады. Спектакль адамның ішкі жан әлеміндегі қақтығыстарды, сезім мен жауапкершілік арасындағы күрделі таңдауды көрсетеді.

Қоюшы суретші — Қанат Мақсұтов. Хореограф — Анастасия Чистюхина.

Киім суретшісі — Шынар Елембаева.

Спектакльдің жанры – хореодрама. Бұл жанр драмалық әрекетті қимыл-қозғалыс, пластика және музыкалық шешімдер арқылы жеткізуге мүмкіндік береді. Қойылымда сөз бен қозғалыс біртұтас көркемдік жүйе құрап, кейіпкерлердің ішкі психологиялық күйін жеткізеді.

Спектакльде басты рөлдерді екі құрамда Инабат Әбенова, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Жанат Оспанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айнұр Бермұхамбетова, Қайыржан Садықов, ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Ақмарал Танабаева, Ерғұлан Жанпейісов, Біржан Жүнісов сомдайды.

Соынмен қатар, театрдың жас артистері — Нұрсұлтан Есен, Амира Омарова, Заңғар Әбенов, Айкөркем Тұранова, Ақниет Орынтай, Нұрия Бөкенбаева, Диана Жолдыбек, Руслан Алишев, Динара Егубаева, Нұрхан Қосанов, Гауһар Исмаилқызы өнер көрсетеді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button