Қоғам

Су айдындарында рейд жүргізілді

Елордада су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары «Қауіпсіз мұз» республикалық
акциясы аясында Есіл өзенінде рейд өткізді. Құтқарушылар тұрғындарға мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

– Күн сайын таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Құтқарушылар өзен жағалауын аралап, балық аулаушылар мен сырғанаушыларға қауіпсіздік талаптарын түсіндіреді. Қазіргі таңда біздің қызметте 23 техника бар. Оның
ішінде суда жүзетін қайықтар және су айдындарында жұмыс істеуге арналған арнайы техникалар жұмыс істеп тұр, – деді Астана қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Данияр Тәжібаев.

Маманның айтуынша, ауа райының құбылмалы болуы өзендердегі мұздың қалыңдығына тікелей әсер етуде. Қазіргі уақытта Есіл өзенінің кейбір бөлігінде мұздың қалыңдығы
небәрі 10 сантиметрге дейін ғана жетсе, жекелеген аумақтарда мұз мүлде қатпаған.

– Күннің бірде суып, бірде жылынуына байланысты мұздың беріктігі әлсіз. Сондықтан балық аулауға келетіндер мен сырғанаушылар үшін қауіп өте жоғары. Мұндай жағдайда
мұз үстіне шығу адам өміріне үлкен қатер төндіреді, – деп ескертті подполковник Данияр Оңалдыұлы. Қыс мезгілі басталғалы бері Астана қаласының су айдындарында мұз
астына түсіп, қаза тапқан адамдар тіркелмеген. Алайда құтқарушылардың дер кезіндегі көмегінің арқасында бір адам аман қалды. Құтқарушылар қала тұрғындарын және қонақтарын мұз үстіндегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, белгіленбеген жерлерде
мұз үстінде жүрмеуге, балық аулау мен сырғанау кезінде аса сақ болуға шақырады.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button