Денсаулық

Қашықтан қызмет көрсетеді

Астанада «Онлайн-медицина» жобасы аясында тұрғындарға 20 мың­нан астам медицина қызметі көрсетілді. Аталған жоба елімізде қыр­күйек айында іске қосылды. Қанатқақты бастама 9 өңірді қамтып, 100 медицина ұйымының басын біріктірді.

Жобаны жүзеге асыру барысында барлығы 40 мыңға жуық қашықтан медицина қызметі көрсетілді. Қызметтер барлық деңгейдегі медицина ұйымдарында ұсынылды, нақты айтқанда, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардан бастап аудандық және қалалық ауруханаларға дейін.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, диагностика зерттеулерінің саны көп болғанмен, тұрғындардың басым сұранысы бейінді мамандардың кеңесіне бағытталған. Атап айтқанда, терапевт, кардио­лог, эндокринолог және педиатр мамандарына жазылушылар көп.

Телемедицина жүйесі арқылы ең жиі қолданылған қызметтерге экспресс-­диагностика, электрокардиограмма (ЭКГ), цифрлық стетоскоп, отоскоп және офтальмоскоп құралдарымен жүргізілген тексерулер, сондай-ақ созылмалы аурулары бар науқастарды қашықтан бақылау жатты. Жобада жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін технологиямен сенімді жұмыс істеуге үйрету мақсатында 300-ден астам маман арнайы оқытылды.

Жобаны ұлттық деңгейде үйлестіру, әдістемелік қолдау көрсету және енгізу барысын бақылауды С.Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы жүзеге асырды. Бұл қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын сақтауға және телемедицинаның сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мамандардың айтуынша, пилоттық жоба өңірлерде қа­шықтан медицина қызметіне деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті. Сонымен қатар жоба сапалы көмекке қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button