Қоғам

Мерекеде Астанадағы мұз айдынында театрландырылған шоу болды

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Астанадағы MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығы келушілерді ел тарихы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеген мазмұнды мерекелік бағдарламамен қарсы алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Айтулы күннің басты оқиғаларының бірі – «Менің Қазақстаным» атты Тәуелсіздіктің 34 жылдығына арналған мұз айдынындағы театрландырылған шоу болды. Бірнеше бөлімнен тұратын қойылымда еліміздің егемендік жолындағы тарихы көркем түрде бейнеленді.

Шоу әке мен баланың жүрекке жетер диалогынан бастау алып, Тәуелсіздіктің жариялану сәтін, елдің өркендеу жолын бейнелейтін көріністермен өрбіді. Қойылымда еңбек адамдарының маңдай тері, білім мен ғылымның құдіреті, ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтар айшықталып, ел бірлігі мен татулығын дәріптейтін әсерлі кезеңдер сахналанды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, театрландырылған қойылымның басты мақсаты – өткен мен бүгінді сабақтастыра отырып, Тәуелсіздіктің маңызын көрерменге әсерлі түрде жеткізу.

Осылайша, мұз айдынында өнер көрсеткен «Rudi»  мәнерлеп сырғанау орталығының қатысушылары көршілікке ұлттық және заманауи образдарды шебер үйлестіріп, ерекше қойылым ұсынды. Мерекелік бағдарлама Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның қатысуымен өткен концертпен жалғасын тапты.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button