Құқық

Зорлық-зомбылықсыз 16 күн

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» дүниежүзілік акциясына орайластырылған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг өтті.

Іс-шараны орталықтың азаматтарды құқықтық қамтамасыз ету және заңгерлік көмек көрсету бөлімі мен психологиялық көмек бөлімі бірлесіп ұйымдастырды. Мақсат – құқықтық сауаттылықты арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту.

Астана қаласы Полиция департаменті тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Алмагүл Исмағұлова сөз сөйледі. Оның айтуынша, азаматтардың құқығын қорғау – басты міндет.

«Біз күн сайын тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жағдайларға тап боламыз. Адамдар қайда жүгіну керектігін, заңда олардың қорғалуына арналған қандай шаралар бар екенін білуі өте маңызды» деді ол.

«Үміт» дағдарыс орталығы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айгүл Шамшатова әлеуметтік қолдау мүмкіндіктері туралы ақпаратпен таныстырды. Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының бас инспекторы Талғат Мұшанов құқықтық ағартудың маңызына тоқталды. «Әкелер одағы» РҚБ қалалық филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай отбасының қоғамдағы рөлі туралы әңгімеледі. Психологтар эмоцияны басқару, уытты және қауіпті жағдайларды анықтау, қауіпсіз мінез-құлық стратегияларын меңгеру бойынша тренинг жүргізді. Заңгер-мамандар қатысушылардың құқығын қорғау, сот тәжірибесі, қорғаныс ұйғарымдарын алу тәртібі және қолжетімді қолдау сервистері туралы сұрақтарына жауап берді. Осы бағыттағы іс-шаралар қоғамда зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыруға және отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді. «Жанұя» орталығы қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарды қолдау және профилактикалық бағдарламаларды дамыту бойынша жұмысын жалғастырады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button