Мәдениет

Астанада Шабыт байқауы басталды

Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Үлкен концерт залында «Шабыт» ХХVIII Халықаралық шығармашыл жастар байқауының ашылу салтанаты өтті.
Байқау жас таланттарды қолдау, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау және халықаралық мәдени ынтымақтастықты кеңейту мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ашылу салтанатына елге танымал өнертанушылар, зиялы қауым өкілдері, шетелдік ғалымдар мен өнертанушылар және студенттер қатысты.

Шараның ресми бөлігінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен сөз сөйледі. Ол өз сөзінде:

“Араға біраз жылдар үзіліс салып барып Шабыт шығармагылық жастар фестивалі қайтадан қолға алынып отыр. Бұл біздің өнерлі жастарды әлемдік сахналарда көрінуіне, ұлттық сахналарға көтерілуіне үлкен мүмкіндік. Сондықтан баршаңызды осы фестивалдың қайта жандануымен құттықтаймын. Бұл елордамыздың дамуымен қатар келе жатқан жастарға мүмкіндік беретін жалғыз фестивал”, – деп қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Биылғы фестивальге 800-ден астам жас өнерпаз қатысып отыр. Олардың арасында 9 шетелдік мемлекеттен келген таланттар да бар. Бұл – «Шабыт» фестивалінің халықаралық деңгейінің артып, мәдени кеңістіктегі рөлінің күшейгенін көрсетеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button