Қоғам

Қазақстан мемлекеттік статистикасының 105 жылдығына арналған мерейтойлы кітап жарыққа шықты

Қазақстан мемлекеттік статистикасының 105 жылдығына орай ұлттық статистика қызметінің қалыптасуы мен дамуы тарихына арналған «Қазақстан мемлекеттік статистикасына – 105 жыл» атты мерейтойлы басылым жарық көрді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Онда отандық статистиканың дамуындағы негізгі кезеңдер – кеңестік дәуірдегі алғашқы қадамдардан бастап, цифрлық өзгерістердің қазіргі кезеңіне дейінгі жол кеңінен қамтылған.

Кітапта тәуелсіз Қазақстан статистикасының қалыптасу үдерістері, халықаралық стандарттарды енгізу, заңнаманы жетілдіру, статистикалық процестерді автоматтандыру және саланы одан әрі дамыту бағыттары егжей-тегжейлі баяндалған. Басылымда цифрлық трансформация және саланы жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылған.

Сондай-ақ кітапта қазіргі Қазақстан статистикасының іргетасын қалаған тұлғалардың естеліктері, бірегей мұрағат құжаттары мен талдамалық материалдар жинақталған.

«Бұл – жай ғана оқиғалар шежіресі емес, бұл – архивтік құжаттар, талдамалық деректер мен сала ардагерлерінің естеліктері өзара тоғысқан тірі жылнама. Мұнда тәуелсіз Қазақстан статистикасын қалыптастырған адамдардың өмір жолы мен еңбегі көрініс тапқан. Бұл мерейтойлық кітап – ұлттық статистикалық жүйенің дамуына үлес қосқан барлық ардагерлер мен әріптестердің еңбегіне деген құрмет, тарихи жадымыздың қайнары және болашақ статистиктер үшін бағыт-бағдар», – деп атап өтті ҚР СЖРА Ұлттық Статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.

Басылымды әзірлеуге Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері, саланың ардагерлері мен статистика саласындағы сарапшылар атсалысты.

Мерейтойлық кітап баспа және электрондық форматтарда жарық көрді. Кітаптың электронды нұсқасы Бюроның ресми сайтында қолжетімді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button