Астанада пара дзюдодан екінші мәрте Азия чемпионаты өтеді

2025 жылы 7–9 қараша аралығында Астана қаласында екінші рет 2025 IBSA JUDO ASIAN CHAMPIONSHIPS ASTANA додасы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Араға екі жыл салып ұйымдастырылып жатқан айтулы доданың маңызы зор. Өйткені жарыс 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу кезеңінің бір бөлігі саналады. Биылғы додаға 9 елден 100-ден астам пара дзюдошы қатысуға ниет білдірді. Олардың қатарында Паралимпиада чемпиондары және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері бар.
Азия құрлығының додасына 8 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер 70, 81, 95, +95 келіде белдесетін болса, әйелдер 52, 60, 70, +70 келіде жүлдеге таласады.
Чемпионат бағдарламасы: 7–9 қараша
7 қараша
– 10:00–13:00 – іріктеу белдесулері
– 15:30–17:30 – финалдық белдесулер
8 мамыр
– 10:00–13:00 – іріктеу белдесулері
– 15:30–17:30 — финалдық белдесулер
15 мамыр
– 10:00-15:30 басталуы – іріктеу және финалдық белдесулері (командалық)
Өтетін жері: Beeline Arena, Ұлттық теннис орталығы (Тұран даңғылы, 4/2)



