Әлеумет

Жеңімпаздар марапатталды

AI-Sana Ceremony-да жасанды интеллекттен студенттердің үздік жобалары анықталды.

Жиында жеңімпаздар «Білім берудегі үздік ЖИ жобасы – академия­лық адалдық», «Энергетика саласындағы үздік ЖИ жобасы», «Саладағы үздік шешім», «AI – Sana Leader», «Ден­саулық сақтау саласындағы үздік ЖИ жобасы», «Мәдениет саласындағы үздік ЖИ жобасы», «Өнеркәсіптегі үздік ЖИ жобасы», «Қоғам игілігі үшін: жылдың әлеуметтік бас­тамасы», «Биомедицина саласындағы үздік ЖИ жобасы», «Мансаптық траекторияларды құруға арналған ЖИ», «Инклюзивті ЖИ технология­лары» номинациялары бойынша анықталды.

«Студенттердің жобалары оқу саласынан медицинаға дейін қамтылды. Жаңа идеялар мен жаңа шешімдер келешекке ерекше ықпал етеді. Осы жылдың ішінде-ақ студенттердің жобалары цифрлық форумдар мен кездеулерден бастап Парламент отырысына, сондай-ақ Президентпен кездесулерге дейін таныстырылып жүр» деді ҚР Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев.

Форум барысында қатысушыларға арнаған бейнеқұттықтауында Стэнфорд университетінің профессоры, Дүниежүзілік банк жанындағы халықаралық сараптамалық кеңестің төрағасы Пол Ким Қазақстанның цифрландыру саласында қол жеткізген нәтижелерін жоғары бағалады. Ол сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігімен өзара ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін жеткізді. Пол Кимнің айтуынша, алдағы 6 жылда жүзеге асатын AI-Sana жобасы жасанды интеллект пен кәсіпкерлік дағдылары бойынша жүздеген мың студентке білім беруге мүмкіндік ашады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button