
24–27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде ірі жеңілдіктер ұйымдастырылып, қазақстандықтар тұрмыстық және басқа да кең сұранысқа ие тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Акцияға елде 220-дан астам сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, супермаркеттер, ірі дүкен желілері мен онлайн-маркетплейстер сияқты сауда нысаны қатысуда.
Астанада акцияға MEGA Silk Way, «Хан Шатыр», «Abu Dhabi Plaza», «Сарыарқа», «Koktal» сауда орталықтары, «Сауран» сауда үйі және Magnum, Small, АНВАР супермаркеттері қатысуда.
Алматыда жеңілдіктерді «Forum», «Mega Alma-Ata», «Mega Park», Mart және Mart Village, «Maxima», «Aport Mall East», «MOSKVA metropolitan», «Grand Park», «Asia Park» және «Sputnik» сияқты танымал сауда орталықтарынан табуға болады.
Шымкент қаласында «Mega Planet», «Hyper House», «Фиркан Сити», «Shymkent Plaza», «Shymkent City Mall», «RAHIMA PLAZA», «Dur Plaza», «Бекжан», «Diamond Plaza», «Royal Plaza» және «Баян сұлу» сауда үйлері жеңілдіктер ұсынады.
Ақмола облысында акция «ЦУМ», «РИО», «Арбат» сауда үйлерінде өтуде.
Актөбе облысында – «Алия», «Мир», «Keruen City», «Aqtobe Mall», «City Shopping Centre», «Мега Шығыс» және «Нурдаулет» орталықтарында.
Алматы облысында – «Сити Плюс» сауда орталығы, «Магнум», «Биг Маркет», «Чильсон», «Таң-Шолпан» супермаркеттері мен «Ярлин» дүкені.
Атырау облысында – «Насиха», «Тамаша», «Атырау», «Baizaar», «Бақдәулет», «Мұрагер» сауда үйлері, «Infinity Mall» орталығы және Sulpak, Technodom, «Мечта» дүкендері.
Шығыс Қазақстан облысында – «Волна», «Колос», «Самал», «Керуен» супермаркеттері, «ТНП», «Фараон», «Император», «Гостиный двор», «Технодом» сауда орталықтары.
Жамбыл облысында – «Алатау» (ЦУМ), «Grand Bazar», «Mart», «Дос-Нар», «Диана», «Дамдес», «Mart-Magnat» сауда орталықтары.
Батыс Қазақстан облысында – «City Center», «Атриум», «Alem Plaza», «Орал», «Азиза», «Московский», «Галактика», «Asia Mall», «Жәңгір-Хан», «Квант», сондай-ақ Sulpak, «Технодом», «Мечта» дүкендері.
Қарағанды облысында – «Абзал», «Таир», «Умай», «Global City», «City Mall», «БУМ», «Каскад», «Проспект», «Гранд Стор», «12 ай» және басқа да сауда нысандары.
Қостанай облысында – «ЦУМ», «Mart», «Емшан», «Астыкжан», «Kostanay Plaza», «Солнечный», «Апельсин» және «БУМ».
Қызылорда облысында – «Aray City Mall», «Жібек жолы», «Жайна», «Отырар», «Baiuzaq Plaza», «Ажар сити», Magnum, Small & Skif, «Эврика», Sulpak, Technodom және басқа да дүкендер.
Маңғыстау облысында – «Актау», «AK KALA Mall», «Байтерек», «Shum», «Маңғыстау» ТРК мен Saya Park.
Павлодар облысында – «Артур», «Квазар», «Тұлпар», «Мирас», «Атриум», «City Centre», «Batyr Mall», «Старый город», «Арман», «Баянмолл», «AsiaMall», «Гулливер» және басқа да орталықтар.
Солтүстік Қазақстан облысында – «City Mall», «Rakhmet», «Сокол», «Айсберг», «Пирамида», «Аймер», «Семейный», «Солтүстік» супермаркеттері.
Түркістан облысында – «Turan Mall», «Khanshaiym Plaza» және «Керуен Сарай».
Абай облысында – «Park City», «Арғымақ», «Аркада», «Мереке», «Ақшың», «Қазына» сауда орталықтары.
Ұлытау облысында – «Самаз», «Акцент», «Самади» супермаркеттері мен «Мечта», «Гармония», «Сымбат» дүкендері.
Жетісу облысында – «Даулет», «Евразия», «Шаған» сауда орталықтары және Sulpak дүкені.
Жеңілдіктер негізінен тұтынушылық және тұрмыстық тауарларға: киім, аяқ киім, электроника, тұрмыстық техника, үйге арналған заттар мен күнделікті сұранысқа ие басқа да өнімдерге беріледі. Акция офлайн және онлайн сауда нүктелерін де қамтиды.
Онлайн форматта да бірқатар танымал платформалар қосылды: Wildberries-те жеңілдіктер 90%-ға дейін, Fortemarket-те FMFEST промокоды арқылы 10 000 теңгелік бонус, Kaspi Магазин түрлі тауарлар санатына 58% дейін жеңілдік ұсынады.