Қоғам

Тәрбие балабақшадан…

Астана қаласындағы №30 «Қайнар» балабақшасында адалдық пен әділдік ұғымдарының мәнін ашып, жас ұрпақты адалдыққа тәрбиелеу тәжірибесін жетілдіру мақсатында «Адал азамат – болашаққа бағдар» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында педагогтер мен ата-аналар белсене қатысып, пікір алмасу, сұрақ-жауап, тренингтер, диалогтық алаң және балалардың қатысуымен дайындалған қойылым қойылып, тәрбиелік мәні бар көріністер көрсетілді.

– Осы оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Адал азамат» атты біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарламаның мақсаты – еліміздің жарқын болашағы мен тұрақты дамуының басты кепілі саналатын жас ұрпақ бойына адалдық, әділдік және жауапкершілік сынды асыл қасиеттерді дарыту. Бүгінгі іс-шара арқылы біз ата-аналар мен қатысушыларға адалдық, мәдениет, жауапкершілік және парасаттылық туралы кеңінен ақпарат бердік. Себебі «Адал азамат – болашаққа бағдар» – бұл тек ұран емес, бұл еліміздің келешегін айқындайтын басты құндылық. Мұны бала бойына балабақша қабырғасынан бастап сіңіруіміз қажет, – дейді №30 «Қайнар» балабақшасының әдіскері Мадина Абдуллаева.

Сондай-ақ шара барысында ата-аналар мен ұстаздар өзара пікір алмасып, балаға ұлттық тәрбиені отбасында да, балабақшада да жүйелі түрде беру жолдарын талқылады.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button