Қоғам

Астанада энергетика саласындағы цифрландыру мәселелері талқыланды

Астанада XII Азаматтық форум қарсаңында энергетика саласындағы цифрландыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.✔️

Астанада Қазақстанның XII Азаматтық форумына дайындық аясында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуге министрліктің құрылымдық бөлімшелер басшылары, Қазақстанның Азаматтық альянсы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері және 30-дан астам үкіметтік емес ұйым қатысты.

Жиында азаматтық қоғаммен өзара байланыс мәселелері және энергетика саласын цифрландыру бағыттары талқыланды.

Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдар өкілдері сұрақтар қойып, жауап алды.
Айта кетейік, мұндай кездесулердің мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуда және әріптестікті дамытуда ықпалы зор.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button