Ел тынысы
Қазақстанда 18,4 млн тонна астық бастырылды

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 12 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 74,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 18 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1 млн тонна майлы дақыл, гектарына 227,4 центнер өнімділікпен 2,1 млн тонна картоп және гектарына 298,1 центнер өнімділікпен 3 млн тонна көкөніс жинады.
Атап айтқанда, 322,7 ц/га өнімділікпен 413,7 мың тоннадан астам қырыққабат, 417,0 ц/га өнімділікпен 762,3 мың тонна пияз, сондай-ақ 289,5 ц/га өнімділікпен 313 мың тонна сәбіз жиналды.
Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.