Құқық

Есірткімен күрес бойынша 30 күндік іс-шаралар кешенін жүзеге асыру жалғасуда

Байқоңыр ауданында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 30 күндік алдын алу іс-шаралары  жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл іс-шаралар кешені бірлескен рейдтер, профилактикалық әңгімелер жүргізуді, сондай-ақ тыйым салынған заттардың таралуын анықтау бойынша жұмыстарды қамтиды.

Аудан прокуратурасы полиция басқармасымен және әкімдікпен бірлесіп халықтың денсаулығын сақтау және есірткінің заңсыз айналымына жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.

Көлік саласына басты назар аударылады, яғни қала аумағына басқа қалалардан келетін автомобильдер тексеріліп, қала қонақтары мен автокөлік иелеріне заңсыз тасымалдау қаупі түсіндірілуде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button