Нашақорлыққа қарсы айлық қалай өтіп жатыр?

Астанада есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған ауқымды айлық жалғасып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жұмыстар елордалық Полиция департаменті мен прокуратураның үйлестіруімен жүргізілуде. Ерекше көңіл профилактикаға – жастар мен қоғамның түрлі топтарына есірткі айналымына тартылу қатері туралы ақпарат беруге және есірткінің салдарына деген қоғамның назарын аударуға бөлінген.
Қала әкімдігі мен Білім басқармасының қолдауымен елорданың мектептері мен колледждерінде кездесулер ұйымдастырылуда. Оқушылар алдында полиция қызметкерлері, прокуратура өкілдері, психологтар мен наркологтар сөз сөйледі. Олар есірткінің денсаулыққа тигізер зияны, жастарды заңсыз зат таратуға тартудың қазіргі тәсілдері және мұндай әрекеттер үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы айтты.
Бірқатар кездесуге танымал медиа тұлғалар қатысып, бастаманы қолдап, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Олардың қатысуы мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерінің маңызын айқындайды. Айлық барысында жүзден астам мектеп пен шамамен төрт мыңға жуық оқушы қамтылды.
Ақпараттық жұмыстармен қатар қаладағы есірткі жарнамасы элементтерін жоюға да назар аударылуда.
«Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы полиция және еріктілермен бірлесе отырып, наркограффити жазуларын анықтау және бояу рейдтерін ұйымдастыруда.
Мұндай кешенді іс-шаралар профилактиканың бір реттік шара емес, жас ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған жүйелі жұмыс екенін көрсетеді.