Астанадағы Бағдарламалар офисінің жаңа басшысымен кездесу өтті

Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің жаңа басшысымен кездесу өтті, деп хабарлайды http://astana-akshamy.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы Бағдарламалар офисінің жаңа басшысы Алексей Роговпен кездесу өткізді.
А.Исетов Офистің жаңа басшысын қызметке тағайындалуымен құттықтап, Қазақстанның ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастығының одан әрі жемісті жалғасатынына сенім білдірді.
Кездесу барысында тараптар еліміздің Ұйыммен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Қазақ дипломаты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған демократиялық реформалардың Қазақстандағы жүзеге асырылуы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Үкімет алдында қойылған негізгі міндеттер мен Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көтерілген жаңа бастамалар туралы мәлімет берді.
Кездесу соңында тараптар өткен жылғы бірлескен жұмыстың нәтижесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.