Елорда тынысы

ЛРТ станцияларына атау берілді

Астана қаласы мәслихатының 40-шы кезектен тыс сессиясында қала әкімінің орынбасары Есет Байкеннің қатысуымен депутаттар жеңіл рельсті көлік станцияларына атау беру мәселесін қарап, 18 станцияға атау беруді мақұлдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тізімге: «Әуежай», «Атамекен», «Есіл», «Мәңгілік Ел», «Астана жұлдызы», «Нұра», «Университет», «Ұлы Дала», «Астана Арена», «Жекпе-жек сарайы», «Сығанақ», «Бәйтерек», «Министрліктер үйі», «Ұлттық музей», «Театр», «Мыңжылдық аллеясы», «Жібек жолы» және «Нұрлы жол» атаулары енгізілді.

Болашақ ЛРТ-ның әр станциясы елорданың мәдениеті мен тарихын айшықтайтын атауға ие болмақ.
Сондай-ақ сессияда депутаттар балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жаңа басқарма құру туралы ұсынысты қолдады. Бұл шешім Үкіметтің тапсырмасына сәйкес қабылданып, балалардың құқықтарын қорғау жұмыстарын, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауды күшейтуге бағытталған.

Жаңа басқарма балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне жүйелі түрде қарауға, осы саладағы жұмысты үйлестіруге және қосымша қолдау шараларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button