Ел тынысы

«Жер-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

2025 жылғы 23 шілдеде елімізде «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оқу-жаттығуды үйлестіру республикалық штабы Шымкент қаласында орналасқан. Оқу-жаттығу Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камаловтың басшылығымен өткізілуде.

Сағат 08:00-де оқу-жаттығудың алғашқы кезеңі басталды. Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштері, сондай-ақ ТЖМ бөлімшелері дайындыққа келтірілді.

Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» көпфункционалды кешенінде оқу-жаттығудың ресми ашылуы және азаматтық қорғау қызметтерінің жиыны өтті.

Республикалық және қалалық жедел штабтар, зардап шеккен халықты уақытша орналастыру үшін шатырлы қалашық орналастырылды.

Екі күн бойы іс-шараға қатысушылар төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл және жедел қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл мен үйлестірудің практикалық дағдыларын пысықтайды.

Бұл ретте оқу-жаттығудың практикалық бөлігі жойқын жер сілкінісіне бейім еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде – Алматы, Шымкент қалаларында, Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында өтеді. Ал басқа өңірлерден зардап шеккен аймақтарға күштер мен құралдарды жөнелту ұйымдастырылады.

«Жер-2025» оқу-жаттығуы жер сілкінісі жағдайындағы ден қою жүйесін жетілдіруге және дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button