ӘлеуметБасты ақпарат

Тіл тағдыры тыным таптырмайды

Түп-тұқиянын талқылауға тырысқан тартуымның «тематикасы», «­текс­тов­касы», «тақырыбы» (теңеуін тілегіңіз таңдасын) – тіл тағдыры. Тіл туралы талай-талай талпынып, талаптанып, толғаныстан, талас-тартыстан туған тұсаукесер туындым. Тіл тағдыры – талай тарландарды тыным таптырмай тұрған тақырып.

Тарихты терең талдасақ, тіл тағдыры толғантқан талай танымал тұлғаларымыз түрмеге тоғытылды, тамұққа түсті, төбеттерге таланды. Тоталитаризмнің төтенше төбеттері Тұрарларымызбен тапанша тілімен тілдесті. Тәуелсіздігіміздің туы тігіліп, тайпа тағдыры тұрақтағалы тіліміздің түбегейлі тірілуін, туған тұғырына тік тұруын тай-тұяғымызбен, түгеліміз тіледік.

Тілінің тілеуін тілемейтіндердің тізіміне:

– төл тілінде түсініспейтін тексіздерді;

– туған тегін танымайтын тасбауырларды;

– тік ішегін тезекке толтырып, тамаққа тойғанына тоқмейілсіген тоғышарларды топтастырдым. Тізбелесек тағысын-тағы, топтасып тоқайласқан тұжырымсыздар, тіл тарихын түрпілеп түзетуге талпынған тұрлаусыздар, тұрпайы түсініктерімен тәнімізге тағылған таңба тәрізді. Табаны тайғанақтап тұрған тіл тағдырына толғанбайтын, тәубені түсінбейтін, тәкаппар, төресымақ, табысқой танысымнан тіл тазалығын түсіндірмекке талабымды тосқанымда тулаған тайдай тарпынып, талағы тарс түсті.

– «Трагедизируешь! Таласып-тартысуға тұрмайтын тақырып. Төбеде тұрған тағынан түспейтіндердің таңдаған «традициялық», «транспаренттік», «трасттылық», «толеранттық» туралы тілшілердің тапқан танымал терминдерінің түпнұсқасын талқылауың – тантықтардың теориясы. Так-что товаришь!».

– «Тогда твоя теория тоже – твердолобая тупость (тәржімесі – топастық). Таңдағандарың – «тоталитарлық» тіл! Туған тіліміздің тарихи түптамырын түсінбейтіндердің, тіл тағдырын тендерге тоғытып тікелей табысты тілейтіндердің тұжырымдамасы».

Тәйтік топаспен тәжікелесіп, түк таппадым. Тоқтадым. Тартысқа толы тағдырымның тебіреністерін «Т-мен» тізбектеген туындымда тұңғыш тентегім Темірханым туралы толғандым. Темірханым туғанда төбем Тәңірдің тұрағына тәк-тәк тимей тұрды. Тілеуім түзу-тұғын. Төңірекке табалатпай, тәй-тәй тұрды. Таңдайы тақылдап, тілі түзелді. Төрт түлігім түгел, теңіздер таяз тартып, тіземе тимей тұрғандай-тұғын. Титімдей тәмпішіме тәлім-тәрбие тоқытатын, туған тілін терең түсіндіретін тиісті тұрақ таңдадым. Тұрған төңірегімізден төл тілімізде тәрбиелейтін «тәлімхана» таза тақыр табылмады.

Тағатым таусылғандықтан, 9-ға толған томпатай тентегімді тіліміздің тереңдегі тұнығымен табыстырдым. Төл тілімізді «тоталитарлық» тілден төмендетпей, терезесін теңестіріп таразыға тартудан тайынбадым. Тілімізді талас-талқыға түсіріп, «тендершілердің» торсығын толтырғанына төзбедім. Тілімнің тау-тасын талқандап, топ-тобымен, тайлы-тұяғымен топырлатып табанына тастауға тырысқандармен тартыстым. Таласқанмен тұрмыс түзелмесін түсініп, тәңірге табындым.

Тулақтай тырысқан тіліме тірек табылып, табалдырықтан төрге тартатын тарихи тұлғалар табылса, тұнжырауым тарқап, түркі тектес тілімнің тойында тамадалық талантымды талайыңа танытармын. Толғауы тоқсан тебіренісімнің тобықтай түйіні – тілімнің тағдыры.

Тіл тақырыбын талдасақ:

– тарихы табанға тапталған тақырып;

– төркінін талдасақ – тамыры терең тақырып;

– талапты түлекті түбегейлі толғандыратын тақырып;

– тынысы тарылып, тығырыққа тіреліп тұрған тақырып;

– туған төрінен тұғырын таппай тұрған тақырып;

– талқылай-талқылай төзімді тауысқан тақырып;

– түбің түскір тексіздердің тәлкегіне түскен тақырып;

– тоны тігілгенімен, түймесі тағылмай тұрған тақырып;

– «тоқалдан туған» тақырып;

– табанын тас тескен, тас­маңдай тақырып;

– тулағы тықыр, тұяғы тұқыл тақырып;

– талапайға, талан-таражға, тендерге түскен тақырып;

– тіземен таптап, тезге тартып түзетуге төзбейтін тақырып;

– тілмашқа телмірген, тәржімашыға тәуелді тақырып;

– тар телпек тақиялы төбелтаздар түсінбейтін тақырып;

– толғағы толып тұрған тақырып…

Тек тіл тақырыбының толғағы талықсып, түсік тастамауын тілейік. Тілдің туын тіктейтін талабы таудай тастүлектер тууын тілейік, туысқандар. Тәмсілге татитын, тәпсір тілемейтін титықтатқан тақырыбымды түйсігім тозып таусылғанша тәмамдамаспын.

Дүйсен ӘМІРХАНҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button