Қоғам

Шаңғы роллерден қалалық іріктеу кезеңі өтуде

Елордадағы Орталық саябақта шаңғы роллерден Астана қаласының ішкі біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Дәстүрлі жарысқа 30-ға жуық спортшы қатысып, үш жас санаты бойынша өз шеберліктерін сынауда. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 1, 2 және 5 шақырым қашықтықта бақ сынап, үздіктерді анықтайды.

№2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің аға бапкері Олег Нечитайлоның айтуынша, елордада шаңғы роллерін кең таралған спорт түріне жатқызу қиын.

«Себебі біз тек Орталық саябақ аумағында ғана жаттығуға мәжбүрміз. Мәселен, Ақмола немесе Шығыс Қазақстан облыстарында шаңғымен және биатлонмен шұғылданушылар арнайы спорттық кешендерде дайындалады. Ал біздің қалада балалардың жаппай айналысуына мүмкіндік аз. Дегенмен биыл Орталық саябақтағы шаңғы базасы пайдалануға берілуі тиіс. Егер ол іске қосылса, жұмысымыз әлдеқайда жандана түсер еді. Ал бүгінгі турнирде спортшылар кросс, еркін және классикалық стильдер бойынша сынға түсіп жатыр. Жеңімпаздар шілде айының соңында Павлодарда өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алады», — деді ол.

Айта кетейік, шаңғы роллер – қысқы маусымға дайындықтың маңызды бөлігі. Бұл спорт түрінің секциясына балаларды 9 жастан бастап қабылдайды, іріктеу әр жылдың тамыз айында жүргізіледі.

Айта кету керек, Астанада өтіп жатқан шаңғы роллер жарысы ертең мәресіне жетеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button